ҮРДІСКЕ АЙНАЛҒАН ВЕЛОШЕРУ
Спорттың бұқаралығын қалыптастыру ауданда жүйелі жүзеге асып келеді. Соның бір айғағы ретінде өлкеде дәстүрге айналған велошеруді айтуға болады.
Денсаулықтың дұрыстығына, табиғаттың тазалығына пайдасы орасан зор бұл игі шараны бүгінде қолдаушы сырдариялықтардың қатары көп. Сол үшін де олар велосипедтерін дайындап, белгіленген шақырымды бағындыруға бет алады. Бұл жолғы бағыт – С.Сейфуллин ауылы.
Әр апта сайын ұйымдастырылатын велошеруге кент тұрғындары да үйренісіп қалғандай. Әр сенбінің таңында үлкен-кіші жол жиегінде велошерушілерге қолдау білдіріп тұрады. Дене қозғалысының ширақтығын қамтамасыз ететін велосипедпен желмен жарысқандар көзді ашып жұмғанша мәреге жетіп барды. Денсаулықтың жақсаруымен қатар ауызбірліктің нығаюына да септігі мол игі шараға қатысушыларды ауыл тұрғындары ілтипатпен күтіп алды. Ауыл ақсақалдары бұл шара халық денсаулығын жақсарту мақсатындағы игілікті үрдіс екенін атап өтіп, велошерушілерге ақ баталарын берді.