«ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ 2016» ТУРНИРІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫНА 25 МЛН ТЕҢГЕ МЕН ПӘТЕР БЕРІЛЕДІ
«Қазақстан Барысы 2016» жарысын жеңген палуанға 25 млн теңге мен Астана қаласынан бір бөлмелі пәтердің кілті беріледі. Ал биыл жарыстың жалпы жүлде қоры – 42 млн теңге. Бұл туралы «Қазақстан Барысы» жарысына арналған брифингте ҚР Қазақ күресі федерациясының президенті Арман Шораев мәлімдеді, деп xабарлайды Bnews.kz тілшісі.
«Еліміздегі экономикалық жағдай қолайлы емес екендігі белгілі. Бірақ, соған қарамастан біз «Қазақстан Барысы» турнирін тиісті дәрежеде өткізу үшін бар күшімізді салдық. «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына ризашылығымды білдіремін. Қомақты көмек жасады. Соның арқасында жарыс сәтті өтеді деген ойдамын. Биыл біздің жүлде қорымыз – 42 млн теңге. Бірінші орынды алған палуанға 25 млн теңге мен Астана қаласынан бір бөлмелі пәтер беріледі», - дейді А.Шораев.
Ал ҚР Қазақ күресі федерациясының бірінші вице-президенті Сәрсен Құранбек жарыс жеңімпаздары мен олардың бапкерлеріне тиісті дәрежеде ақшалай сыйлық берілетінін атап өтті.
«Бірінші орын алған палуанға 25 млн теңге беріледі. Ал екінші орынға 5 млн, үшінші орынға 1 млн 800 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық тағайындалған. Сондай-ақ палуандардың бапкерлері де ақшалай марапатталады. Бірінші орын алған палуанның бапкеріне 3 млн 500 мың теңге беріледі. Ал екінші орынға 1 млн 800 мың теңге, үшінші орынға 900 мың теңге беру қарастырылған. Сонымен қатар, 1-орын алған палуанға осы ақшалай жүлдемен қатар Астана қаласынан 1 бөлмелі пәтер беріледі. Сонымен қатар, үздік шыққан, техникалық жағынан айла-тәсілімен көзге түскен балуанға автокөлік сыйға тартылады», - дейді бірінші вице-президент.