ҚАЗАҚСТАН ТЕННИСШІЛЕРІ АЗИАДАНЫҢ АЛТЫНЫН ЖЕҢІП АЛДЫ
Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында теннистен Қазақстан құрамасының спортшылары Александр Недовесов, Михаил Кукушкин және Андрей Голубев алтыншы медальді алып берді. Қазақстандықтар финалдық бәсекеде Қытай жігіттерін 2:0 есебімен тізе бүктірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кортқа бірінші шыққан Александр Недовесов 23 жасар қытайлық У Диді 1 сағат ішінде 6:4, 6:0 есебімен айқын ұтты. Командаласының жеңісті жолын Михаил Кукушкин жалғады.
Сонымен, теннисшілеріміз ұлттық құрамамызға алтыншы медальді сыйлады. Жалпы, Қазақстан еншісінде 6 алтын, 7 күміс және 13 қола медаль бар. естеріңізге саламыз, бәсекенің бесінші күнінде қос алтын медальді суда жүзуден спортшымыз Дмитрий Баландин иеленді.