БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫНЫҢ КУБОГЫ ҮШІН ШАХМАТТАН САЙЫС ӨТТІ
«Маяк» спорт кешенінде Байқоңыр қаласының Кубогы үшін шахматтан сайыс өтті, - деп хабарлады «Байқоңыр» ССК МБМ-нің баспасөз қызметінен.
Шараны қалалық мәдениет, жастар саясаты, туризм және спорт басқармасы, «Байқоңыр» спорттық-сауықтыру кешені ұйымдастырды. Турнирге 12 адам қатысса, олардың қатарында ойын төрешісі, қалалық чемпионаттардың бірнеше мәрте жеңімпазы және жүлдегері, Қызылорда облысы біріншілігінің жеңімпазы Серік Имашевтің шәкірттері де болды.
Жарыс нәтижесімен бірінші орынды Сұлтан Имашев, екінші орынды Еркін Имашев, үшінші орынды Рифкат Бисенов иеленді.
Жеңімпаз және жүлдегерлер қалалық мәдениет, жастар саясаты, туризм және спорт басқармасының грамоталарымен және медальдармен марапатталды.