ИЛЬЯ ИЛЬИН СПОРТТЫҚ ҚЫЗМЕТТЕН ШЕТТЕТІЛУІНЕ ҚАТЫСТЫ ПІКІРІН БІЛДІРДІ
Илья Ильин Instagram-дағы ресми парақшасында спорттық қызметтен уақытша шеттетілуіне қатысты ақпаратқа түсінік берді, - деп жазады «Бньюс».
«Бұл ақпаратты естіп, төбеме жай түскендей болып отырмын. Халықаралық ауыр атлетика федерациясының ережесіне сәйкес, мен туралы ақпараттың барлығы «ADAMS» халықаралық жүйесіне енгізілген. Онда өмірімнің әрбір сағаты, қайда жүргенім, мейлі ол жаттығулар кезі болсын немесе демалыс уақыты болсын, жазулы. Мен Допингке қарсы агенттіктің тексерушілері үшін әрдайым ашықпын және солардың құзыретіндемін. Биылдың өзінде екі мәрте – Польшада жиында болған кезімде және Алматыда допинг-тексеруден өттім.
Өздеріңіз білесіздер, бірде-бір халықаралық жарыс допинг-тексерусіз өтпейді. Барлық спортшылар секілді мен де 2004 жылдан бері допинг-тест тапсырып келемін. Нәтиже ылғи да теріс болып келді.
Мен Рио Олимпиадасына дайындықты жалғастыра беремін және соңына дейіне барамын.
Спорт басшылары бұл іске ерекше мән беріп отыр, маусымның соңына қарай нәтижесі белгілі болмақ. Шілденің ортасына дейін Олимпиадаға қатысуға өтініш беріп үлгеруіме уақыт бар.
Менің атыма айтылған бұл ағаттықты және жөнсіз айыпты жоққа шығара аламыз деп ойлаймын.
Маған қатысты қандай шешім шығарылатындығына қарамастан, өзімнің осынау жас өмірімнің 20 жылдан астамын спорт залда өткізгенімді айтқым келеді. Күніне 3 рет жанымды аямай жаттығу жасадым. Мен елімнің алдында жауапкершілікті әрдайым сезініп келдім және ылғи да жеңіс үшін күрестім. Осы жылдар бойы қиын да, қуанышты күндерімде қолдау білдірдіңіздер. Сіздердің қолдауларыңызға қазір де сенемін. Өздеріңіздің Илья Ильиндеріңіз», - делінеді спортшының хабарламасында.