СЫР САҚШЫЛАРЫНЫҢ СПОРТТЫҚ САЙЫСЫ
Қоғамдағы кез келген қадамның көпшілік назарынан тыс қалмайтыны анық. Бұл жәйт Сыр сақшылары өмірінен де айқын аңғарылады. Қызылорда полицейлерінің аймақ тыныштығы мен қоғамдық тәртібін сақтаудағы жетістіктері жұртшылық көңілінен шығуда. Осыған орай, ағымдағы жылдың 11 маусымында Қызылорда ОІІД аппараты және Жергілікті полиция қызметі бөліністерінің қызметкерлері арасында эстафеталық жүгіруден жарыс өткізілді. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» толуына және «23 маусым – Қазақстан полициясы күні» кәсіби мереке қарсаңында ұйымдастырылған спорттың қызметтік-қолданбалы және жеңіл атлетикалық жекелей, командалық эстафеталық жарыстар.
Командалық есеп бойынша 1 орынды Криминалды полиция басқармасы және жедел криминалистика саласының қызметкерлерінен құралған құрама командасы, 2 орынды Техникалық қызмет басқармасы мен Ақпараттық аналитикалық орталық басқармасының құрама командасы, 3 орынды Жергілікті полиция қызметінің командасы иеленді.
Жарыс соңында «Тағзым» алаңында жеңімпаз командалар мен жүлдегерлер жарыс кубогымен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Қызылорда ОІІД Баспасөз қызметі