БҰРЫНҒЫ ВИЦЕ-МИНИСТР "НҰР-МЕДИА" ХОЛДИНГІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ БОЛДЫ
Жанай Омаров "Нұр-Медиа" холдингінің бас директоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Нұр Отан" партиясының баспасөз қызметі.
Холдингің жалғыз құрылтайшысы - "Нұр Отан" партиясының шешімімен бас директор болып, Жанай Омаров тағайындалды.
"Холдингті 2014 жылдың қаңтарынан бері басқарған Болат Берсебаев активтерге қайта құрылымдау жүргізіп, қаржылық сауықтыру процесін бастап, өзінің алдына қойылған міндеттерді орындады. Алдағы кезеңде холдингтің алдына контент бөлігін, идеологиялық мазмұнды дамыту жөнінде міндеттер қойылды", - деп хабарлады партияның баспасөз қызметі.
Жанай Сейітжанұлы Омаров 1955 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Философия ғылымдарының кандидаты, доцент. Әр жылдары үгіт-насихат тобы жетекшісі қызметтерін атқарды: "Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Нұрсұлтан Назарбаевты қолдау жөніндегі қоғамдық штаб" қоғамдық бірлестігінің баспасөз хатшысы, Президент Әкімшілігі ішкі саясат басқармасының ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі, ҚР Президенті Әкімшілігі ішкі саясат басқармасының қоғаммен және баспасөзбен байланыс жөніндегі меңгерушісі. "Қазақ ақпарат агенттігі" ҰК" АҚ, "Қазақстан" РТРК" АҚ, "Казахстанская правда" АҚ ұжымдарын басқарды.
2014 жылдың 25 тамызына дейін ҚР Мәдениет вице-министрі болды.
Болат Берсебаев "Нұр-Медиа" холдингі жетекшілігі құрамында бас директордың бірінші орынбасары қызметінде қалды. Бас директордың орынбасары Эльдар Сыздықов министрліктердің біріне жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.