НАЗАРБАЕВ РАХМОНМЕН ЕКІЖАҚТЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстанның басшысы Эмомали Рахмонмен кездесті, - деп хабарлайды Ақорда.
Әңгіме барысында екі елдің көшбасшылары екіжақты сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылады. "Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республикасы еліміздің маңызды серіктесі екенін және Қазақстан оған әрдайым жан-жақты қолдау көрсетуге әзір екенін айтты", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Назарбаев пен Рахмон екі елдің өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастығы мәселелерін де қарастырды. Одан бөлек, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттарға қатысты пікір алмасты.
Еске салайық, Қазақстан Президенті Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Душанбе қаласына барды.