БЕСІНШІ ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ МӘЖІЛІС ЕЛІМІЗДІ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ДАМЫТУҒА КӨП ЕҢБЕК СІҢІРДІ – А.ТҰРТАЕВ
ҚР Парламенті Мәжілісінің жаңа құрамынан халық оң өзгерістерді күтіп отыр. Мұндай пікірді депутат Алмас Тұртаев білдірді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«V шақырылымдағы Мәжіліс депутаттары елімізді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамытуға көп еңбек сіңірді, – деді ол Қызылорда облысы активінің жиналысында. – Төрт жыл ішінде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бірнеше заң қабылданды. Кәсіпкерлер мен билік арасын реттейтін Кәсіпкерлік кодексі халық игіліге жұмыс істей бастады. Халық Мәжілістің жаңа құрамынан да оң өзгерістерді күтетіні сөзсіз».
Алмас Тұртаевтың пікірінше, кезектен тыс Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауын өткізу, ең алдымен, барлық реформаларды жүзеге асыру аясындағы жұмыстарды тиімді үйлестіру үшін қажет болып отыр.
Еске сала кетейік, 13 қаңтар күні Мәжіліс депутаттары Президентке мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізуді сұрап, бастама көтерген болатын. Оның басты себебі – «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру. Ал 20 қаңтарда Елбасы Бесінші шақырылған ҚР Парламентінің Мәжілісін тарату және депутаттардың кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Қаулыға қол қойды. Оған сәйкес, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2016 жылғы 20 наурызға, ал Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарының сайлауы 2016 жылғы 21 наурызға белгіленді.