Н.НАЗАРБАЕВ КЕЗЕКТЕН ТЫС ПАРЛАМЕНТТІК САЙЛАУ ӨТКІЗУ ЖӨНІНДЕ КОНСУЛЬТАЦИЯ ӨТКІЗДІ
Қазақстан Презиенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің төрағасы Қабиболла Жақыповпен және Премьер-Министр Кәрім Мәсімовпен консультация өткізді. Кездесуге Президент Әкімшілігінің басшысы Нұрлан Нығматулин де қатысты.
Мемлекет басшысы Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс парламенттік сайлау өткізу жөніндегі бастамасы бүгін түрлі пікірталас алаңдарында, сарапшылар қоғамдастығы мен бұқаралық ақпарат құралдарында қызу талқыланып жатқанын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев көпшілік аталған ұсынысты қолдайтынын қоғамдық пікірді білу мақсатында жүргізілген сауалдамалардан да көруге болатынына назар аударды. Өз кезегінде, Қ.Жақыпов мұндай шешімге партиялардың сайлаушылардың жаңа сенім мандатын алу, ауқымды қоғамдық топтасу, сонымен бірге барлық деңгейдегі реформаларды жүзеге асыру үшін Мәжіліс пен мәслихаттардың іс-қимылдарын үндестіру қажеттігі басты себеп болғанын айтты.

Комментарии 1