«НҰР ОТАН» ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МЕН ХАЛЫҚҚА НАСИХАТТАУ ЖҰМЫСТАРЫН БАСТАП КЕТТІ
«Нұр Отан» партиясы Елбасы жолдауын жүзеге асыру мен халыққа насихаттау тұрғысында ауқымды жұмыстарды бастап кетті. Бұл туралы партияның орталық аппаратында ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында айтылды6 – деп хабарлады «Астана» телеарнасы.
Жолдауды халыққа түсіндіру жұмыстарына «Нұр Отан» партиясының барлық ресурстары мен мүмкіндіктері тартылған. Ең алдымен бұл маңызды міндет 860 мыңнан аса партия мүшелерінің басын біріктірген 5 667 бастауыш ұйымдарына жүктелді. Осы ұйымдар арқылы халықпен тығыз байланыс қамтамасыз етілген. Жүргізіліп отырған реформалардың маңызы жан-жақты түсіндіріліп жатыр. Сонымен қатар, партияның басты активі - Ұлт жоспарына қатысты заңдарды қабылдауға қатысқан Мәжілістегі фракцияның депутаттары, 3 мыңнан асатын жергілікті мәслихат депутаттары мен партия филиалдары саяси кеңестерінің мүшелері де осы іске жұмылдырылған.