Қ. ЖАҚЫПОВ ПЕН АҚШ КОНГРЕСІ МҮШЕЛЕРІ ПАРЛАМЕНТАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ
Парламент Мәжілісінің Төрағасы Қабиболла Жақыпов АҚШ Конгресі өкілдер палатасының мүшелері Дэйна Рорабакер және Грегори Микспен кездесті.
Тараптар сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық саладағы қарқынды дамуды тілге тиек ете келіп, қазақстандық-американдық қарым-қатынастың стратегиялық сипатына тоқталды.
Халықаралық мәселелер де назардын тыс қалмады.
Қабиболла Жақыпов Қазақстанның және тікелей Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік деңгейдегі тұрақты даму мен қауіпсіздік мәселелеріне айрықша маңыз беретінін атап өтті.
АҚШ Конгресі өкілдер палатасының мүшесі Дэйна Рорабакер біздің еліміздің осы бағыттағы күш-жігеріне жоғары баға берді.
Өз кезегінде Грегори Микс біздің еліміздің Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығының арқасында аз уақыттың ішінде барлық салада керемет жетістіктерге жеткенін айта келіп, Қазақстанның даму қарқынына таңданысын жеткізді.
Қос елдің парламентшілері Мәжіліс пен АҚШ Конгресі ынтымақтастық жөніндегі топтар мен бейінді комитеттер арқылы өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетудің маңыздылығына тоқталды.
Мәжіліс Төрағасы әріптестерін АҚШ Конгресінің 225-жылдығымен құттықтады.
Тараптар екі елдің алдағы уақытта да ықпалдастықты жемісті жалғастыру мүмкіндігінің зор екенін алға тартты.
Айта кетейік, тек өткен жылдың өзінде екіжақты тауар айналымы 2,7 млрд. АҚШ долларынан асты. Қазақстан экономикасының маңызды бөліктерінде 300-ден астам бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейді, 100-ге жуық американдық компаниялардың өкілдіктері ашылған.
Кездесу барысында Мәжіліс Спикері американдық компанияларды Қазақстанда индустриялық-инновациялық жобаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ, Астанада ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге белсене қатысуға шақырды.