БҮГІН БУРАБАЙДА ТМД МЕМЛЕКЕТ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ЖӘНЕ ЕАЭО ЭКОНОМИКАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ САММИТІ ӨТЕДІ
Бүгін Ақмола облысындағы Бурабай демалыс аумағында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше-мемлекет басшылары кеңесінің және Жоғарғы Еуразиялық Экономикалық кеңесінің отырысы өтеді, деп хабарлайды BNews.kz.
Саммитке қатысатындарын Қазақстан, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей басшылары растады. Молдавия атынан премьер-министрі, Түрікменстаннан – вице-премьері қатысатын болды.
ТМД мемлекет басшылары кеңесінің кезекті отырысында саяси өзара іс-әрекет, гуманитарлық ынтымақтастық және қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларында, сондай-ақ, басқа да бағыттардағы құжаттардың 17 жобасын қарастыру жоспарланып отыр.
Өткен жылы Минск қаласында өткен дәл осындай басқосуда ТМД-ға мүше мемлекет басшылары кеңесінің кезекті отырысын Қазақстанда өткізу туралы шешім қабылданған болатын. Минсктегі отырыста Қазақстан Президенті ТМД-ны дамытудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеуді ұсынған болатын.
«Мүмкін мемлекет басшыларымен кеңесіп, ТМД-ны дамытудың жаңа тұжырымдасын дайындау жөнінде уағдаласып, одан әрі қалай жұмыс істейтінімізді айқындап алармыз. Бұл құжат ТМД-ның құрылғанына 25 жыл толуына орай әзірленеді, Қазақстан оны дайындап, сіздермен кеңесетін болады. Сауда қатынастарын, еркін сауда аймағын дамыту бағытындағы жұмыстарды тоқтатпаймыз. Біз енді көлік, агроөнеркәсіптік кешен, азық түлік қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға күш саламыз және біздің төрағалық осы мәселелерді, гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы қауіпсіздік мәселелерін қамтиды», – деп мәлімдеген болатын Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен қатар, Елбасы өз сөзінде 2015 жылы Қазақстанның ТМД-ға төрағалық ету мерзімінде басымдық берілетін бірқатар мәселелерді атады. Мемлекет басшысы Достастықтағы сенім мен өзара түсіністікті нығайту, ТМД кеңістігіндегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қолдауға бағытталған бастамаларға атсалысу негізгі мәселелердің бірі екенін айтты.
«Елдеріміздің көпжақты форматтағы ынтымақтастығындағы өзекті мәселелерді шешуде Достастықтың рөлін арттыру маңызды. Тағы бір маңызды бағыт – өзара сауда-экономикалық іс-қимылды арттыру. Бұл тұрғыда Еркін сауда аймағы туралы Шарттың әлеуетін көтеру де қарастырылады. Өнеркәсіптегі, энергетика, көлік, аграрлық және басқа да экономика салаларындағы ынтымақтастықты жандандыру жөнінде шаралар қабылданатын болады», – деді Қазақстан Президенті.
Сонымен қатар, бүгінгі күн тәртібінде Жоғарғы Еуразиялық Экономикалық кеңесінің отырысын өткізу қарастырылған. Айта кету керек, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің бұған дейінгі отырысы ағымдағы жылдың 8 мамырында Мәскеу қаласында өткен болатын. Кездесу барысында мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақ қызметінің қазіргі мәселелерін, ұйым аясындағы серіктестікті тереңдету мен халықаралық ынтымақтастық аясын кеңейту келешегін талқылады.
Отырысқа қатысушыларға арнаған сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойылғанына бір жыл толғанда өтіп отырған кездесудің айрықша сипатын атап айтып, бірлескен ынтымақтастық болашақта елдеріміздің байланысын нығайтып, Еуразиялық одақтың дамуына тың серпін беретініне мәлімдеді. Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі күрделі экономикалық жағдайға қарамастан, ЕАЭО өзіне мүше елдердің барлығының игілігі жолында бұдан әрі даму үшін зор әлеуетке ие екеніне сенім білдірген болатын.
«Қазір, дағдарыс пен Батыстың санкциялық саясаты жағдайында тауар айналымының төмендеуі байқалады. Бірақ біздің қарым-қатынасымыздың жалпы жағдайы сондай – кәсіпорындар мен тауарлардың ауысуы, бірлескен кәсіпорындардың құрылуы үдерісі жүріп жатыр. Біз дұрыс жолда келеміз деп санаймын. Қазақстан елдеріміздің арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастың орасан әлеуетіне ие Еуразиялық экономикалық одақ жұмысына аса зор маңыз беріп келді және солай бола да береді. Біз өзара тиімді құжаттарды әзірлеу мен қабылдау үшін қажетті күш-жігерді жұмылдыратын боламыз», – деді Қазақстан Президенті. Осы отырыс барысында мемлекетаралық ынтымақтастықты түрлі салаларда одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар құжаттарға қол қойылды.