Н.НАЗАРБАЕВ «ИСЛАМ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ» ФОРУМЫН ҚҰРУДЫ ҰСЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ислам терроризмге қарсы» форумын құруды ұсынды, деп хабарлайды Bnews.kz.
Астанада Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің кездесуі аяқталды. Кездесу барысында екі ел басшысы экономиканы дамытудың ең тиімді тұстарын талқылады. Сондай-ақ «Ислам терроризмге қарсы» форумын құру мәселесі көтерілді.
«Біз «Ислам терроризмге қарсы» форумын құру идеясын көтеріп отырмыз. Қазақстан мен Ресей әлемде қалыптасқан мәселеге көзқарасы ортақ. Осы мәселе төңірегіндегі пікір алмасу кезінде біздің мүддеміз тағы да бір жерден шықты», - дейді Н.Назарбаев.
«Біз келіссөздер барысында әлемдік экономикадағы проблемалардың салдарын жеңілдетудің нақты шараларын белгіледік. Бұл – Қазақстан арқылы жүк тасымалдау мәселелерін пысықтау, көмір өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастық және Каспий теңізін жағалай Парсы шығанағына тартылған жаңа жол арқылы жүк тасымалдау мәселелері. Сонымен қатар, біз «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізі жобасын аяқтау жайын, сондай-ақ инфрақұрылымдық ынтымақтастықтың өзге де шарттарын талқыладық. Осы салалардағы серіктестікті одан әрі дамытудың болашағы зор», - дейді Мемлекет басшысы.
ҚР Президентінің айтуынша, екі ел арасындағы тауарайналым көлемі 21 млрд долларға жуықтаған.
«Ресей компаниялары қазақстандық көмірсутек шикізатының ірі кен орындарын әзірлеуге қатысып жатыр. Қазақстанға 5600 ресейлік кәсіпорын капитал тартқан. Бүгінгі күні индустрияландыру картасы аясында Қазақстан 20 ірі бірлескен инвестициялық жобаны іске асырды, төртеуі орындалып жатыр және 3 жобаны болашақта қолға алады», - дейді Н.Назарбаев.