БҮГІН АСТАНАДА Н.НАЗАРБАЕВ ПЕН В.ПУТИННІҢ КЕЗДЕСУІ ӨТЕДІ
2015 жылдың 14 қазанында Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Қазақстан елордасы Астанаға ресми сапармен келіп жетті. Кездесу барысында мемлекет басшылары екі жақты деңгейде және Еуразиялық экономикалық одақ аясында Қазақстан мен Ресейдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын талқылайтын болады, деп хабарлайды BNews.kz.
Сондай-ақ өңірлік қауіпсіздік пен жаһандық күн тәртібіндегі мәселелер қарастырылады деп жоспарланып отыр. Ал 16 қазанда Қазақстанның төрағалық етуімен ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің отырысы өтпек. Кездесуде қауіпсіздік мәселелері талқынады деп күтілуде.
Бүгінгі кездесуге дейін қос елдің басшылары 2015 жылдың өзінде бірнеше рет кездесті. Мысалы, В.В.Путин ресми сапармен Астанаға 20 наурызда келіп кетті. Биылғы жылдың екінші жартысын қарастырсақ, 2015 жылдың 9 шілдесінде президенттер РФ Башқұртстан Республикасы Уфа қаласында кездескен болатын. Кездесу барысында Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа екі ел ынтымақтастығын дамытуға сіңірген еңбегі үшін Александр Невский орденін тапсырған еді. Мемлекет басшылары 2015 жылдың 10 шілдесінле ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысты.
Одан кейін Н.Назарбаев пен В.Путин 2015 жылдың 2 қыркүйегінде ҚХР-дың Бейжің қаласында кездесті. Кездесу Қазақстан Президентінің ҚХР-ға мемлекеттік сапары аясында өтті. Ал 2015 жылдың 15 қыркүйегінде Қазақстан Президенті Ресей Федерациясына сапары барысында Сочи қаласына келді. Сапар кезінде мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресейдің ХІІ өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында РФ Президенті Владимир Путинмен кездесті. Атап өтсек, форумда Н.Назарбаев Қазақстан мен Ресейдің агроөнеркәсіп кешені бірегей экспорттық әлеуетке ие деді. Сондықтан қос елде аграрлық саланы дамыту қолға алынбақ. Екі ел арасында өзара инвестициялар, трансшекаралық бірлескен кәсіпорындар құру, өндірістік тізбектер түзу, сапалы көлік-логистика инфрақұрылымын қамтамасыз ету саласында ынтымақтастық одан әрі жалғасын таппақ.