ҚАЗАҚСТАН ҚЫРҒЫЗ ЖӘНЕ РЕСЕЙЛІК АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІН ӘКЕЛУГЕ ЖӘНЕ ӨТКІЗУГЕ УАҚЫТША ШЕКТЕУ ЕНГІЗДІ
ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті қырғыз және ресейлік азық-түлік өнімдерін әкелуге және өткізуге уақытша шектеу енгізді, деп хабарлайды ведомствода.
«Зертханалық зерттеу нәтижелері санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық регламенттердің гигиеналық нормативтерінің бірнеше рет бұзылғанын көрсетті. Шешім ағымдағы жылғы 8 айда жүргізілген зертханалық зерттеулерді талдау нәтижелері бойынша қабылданды, микробиологиялық көрсеткіштер бөлігінде және ашытқылар бойынша санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық регламенттердің гигиеналық көрсеткіштерін бірнеше рет бұзу фактілері анықталды», - делінген хабарламада.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатында 2015 жылғы 8 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының аумағына келесі өндірушілер мен атаудағы тамақ өнімдерін әкелуге және өткізуге уақытша шектеу енгізілді:
- Ресей Федерациясы, Мәскеу облысы, «Хохланд» Руссланд ЖШҚ өндірген әртүрлі дәмі бар «HOCHLAND» балқытылған ірімшігі;
- Ресей Федерациясы, Мәскеу облысы, «Преображенский» ЖШҚ МК өндірген әртүрлі дәмі бар глазурленген ірімшігі;
- Ресей Федерациясы, Мәскеу облысы, «Кампина» ЖШҚ өндірген йогурт сусындары;
- Қырғыз Республикасында өндірілген Шаруа сары майы;
- Ресей Федерациясы, Орлов облысы, «Верховский молочно-консервный завод» ЖАҚ өндірген «Славянские қант қосылған қойылтылған кілегей» құрамында сүт бар қойылтылған өнімі;
- Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласы, «Микояновский мясокомбинат» ЖАҚ өндірген сосиска өнімі;
- Ресей Федерациясы, Кемерово қаласы, «КДВ Кемерово» ААҚ өндірген «Яшкино» сауда белгісінің «Шоколайт» және «Голландские» вафлиі.