ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ МЕРЕЙТОЙЫ ЕЛ БІРЛІГІНЕ ЫҚПАЛ ЕТІП ОТЫР - Н.ЖАЛИЕВ
Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы бірлік пен берекенің мерейтойына айналды. Бұл пікірді Baq.kz тілшісіне берген сұхбатында «Өркениет-Қызылорда» қоғамдық қорының төрағасы Нұрхан Жалиев айтты.
«Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай біздің қоғамдық біршама жұмыстар атқарды. Бұқараға мерейтойдың мақсаты мен мәні жайлы түсіндіріп, оның ел тарихындағы маңызына тоқталдық. Әрбір қазақстандық үшін бұл атаулы күннің орны ерекше. Бұл мерейтой біздің біріктіреді, ел арасын жақындата түседі. Бірлігі бар елдің ісі берекелі болары сөзсіз. Сондықтан мерейтойды атап өтуге әрбір қазақстандық барынша үлес қосуы тиіс», - дейді Н.Жалиев.
Қор төрағасы мерейтойдың маңызына тоқтала келе, қазақстандықтарға арнап өзінің лебізін де жеткізді.
«Барлық отандастарымызды Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Ынтымағымыз жарасып, бірлігіміз арта берсін. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың салған даңғыл жолымен еліміз көркейіп келеді. Сол қасиетті миссияны жалғастыру біздің парызымыз. Бұл іске бәріміз жұмыла кіріскен дұрыс. Мерейтой құтты болсын!», - деп тілегін жеткізді.