МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫН САЙЛАУ 26 ҚАЗАНДА ӨТЕДІ - ОСК
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-бабы 4-тармағына сәйкес, ағымдағы жылдың 26 қазанында республиканың 13 өңірінде 46 сайлау округінде мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өтеді, деп хабарлады ҚР Орталық Сайлау Комиссиясының баспасөз қызметінен.
Барлығы 2 облыстық, 12 қалалық, 30 аудандық және 2 Алматы қалалық мәслихаттарының депутаттары сайланады. Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды тиісті облыстық және Алматы қалалық сайлау комиссиялары тағайындайды.
2014 жылғы 26 қазанда болатын жергілікті өкілді органдардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды ұйымдастыруға және өткізуге 4 облыстық, 12 қалалық, 30 аудандық, 46 округтік және 193 учаскелік сайлау комиссиялары тартылады.
Дауыс беру өтетін учаскелердің сайлаушылар тізіміне 215 мыңға жуық адам енгізілген. Тиісті аумақтық сайлау комиссияларының шешімдеріне сәйкес, округтердің көбінде кандидаттарды ұсыну 25, 26 және 27 тамызда басталады, ал тіркеу 30 қыркүйек - 1 қазанға дейін созылады.
«Осылайша, ағымдағы жылдың тамыз бен қыркүйек айларында елімізде екі сайлау науқаны - Парламент Сенаты депутаттарының кезекті сайлауы мен мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау бір мезгілде жүреді», делінген хабарламада.
«ҚазАқпарат»