МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасарларын тағайындады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Саян Қылышұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағы да бір орынбасар тағайындалды. Ол - Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев. Алик Жатқамбайұлы бұған дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған болатын.
Естеріңізге саламыз, Үкіметтегі өзгерістерден кейін Қаржы полициясы қысқартылып, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі болып құрылған болатын. Оның басшысы болып Қайрат Қожамжаров тағайындалған болатын. Бұған дейінгі Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Рашид Түсіпбеков Қазақстан Жоғарғы Соты Кеңесінің төрағасы қызметіне жайғасқан-ды.6 тамыз күнгі бұл кадрлық өзгерістерді Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық билікті ықшамдау деп түсіндірген болатын.