ҚАЗАҚСТАН ҚЫРҒЫЗСТАННЫҢ ЕАЭО-ҒА ҚОСЫЛУЫ ТУРАЛЫ ШАРТТЫ РАТИФИКАЦИЯЛАДЫ
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы шартты ратификациялау туралы Заңға қол қойды. Бұл туралы ресми БАҚ-та жарияланды.
«2014 жылғы 23 желтоқсанда Мәскеуде жасалған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы шарт, 2015 жылғы 8 мамырда жасалған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа және Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарға өзгерістер енгізу туралы хаттама, сондай-ақ 2015 жылғы 8 мамырда жасалған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы хаттама ратификациялансын», - делінген заңның мәтінінде.