Е.ЫДЫРЫСОВ: ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДСҰ-ҒА КІРУІ ЕАЭО-ҒА ОҢ ЫҚПАЛ ЕТЕДІ
Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) қосылуы Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аясындағы өзара әрекеттестікке оң ықпал етеді. Мұндай пікірді еліміздің сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов білдірді, деп хабарлайды Вnews.kz.
«Біз Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграциялық жұмыстарға жаңа сапа қосады деп есептейміз», – деп түсіндірді министр.
«Ресей ДСҰ-ға мүше, Қырғызстан мен Армения да ұйымға қосылған. Енді посткеңестік экономикадағы нөмірі екінші экономика – Қазақстан кіріп отыр. Бұл дегеніміз, жаһандық ауқымдағы келісілген сауда ережесі біздің ЕАЭО аясындағы жұмысымыздың негізі ретінде кеңінен қолданылады деген сөз», – деді Ыдырысов.
Оның айтуынша, Қазақстан Беларустің ДСҰ-ға қосылуын асыға күтетін болады.
СІМ басшысы Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ДСҰ-ға қосылу процесіне көмектесуде Ресейдің рөлі мен үлесі зор болғанын атап өткенін еске салды.
«Біздің ресейлік әріптестерімізге алғысымыз шексіз. Алайда бұл бірлескен жұмыстың соңы емес, өте ауқымды істердің жаңа кезеңі басталып отыр. Ресейге де, Қазақстанға да ДСҰ едәуір көп дивиденд әкеледі деген ойдамын», - деп толықтырды министр.