СЕНАТОРЛЫҚҚА ҮМІТКЕР РЕТІНДЕ СЫР ӨҢІРІНЕН 5 АЗАМАТ ТІРКЕЛДІ
1 қазан күні ҚР Парламенті Сенатының жаңа депутаттары белгілі болады. Бүгінде үміткерлерді анықтау жұмысы басталып кетті. Біздің өңірден оған 5 азаматтың кандидатурасы ұсынылды. Бұл туралы «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасына берген сұхбатында облыстық сайлау комиссиясының хатшысы Қожамжар Наурызбаев мәлімдеді.
Жергілікті депутаттар корпусының қолдауымен облыстық мәслихат хатшысы Бекмырза Еламановтың кандидатурасы Сенат депатуттығына үміткер ретінде тіркеліп отыр. Қалған төрт азамат өзін-өзі ұсынған. Олар – Әшім Оразбекұлы, Руслан Рүстемов, Серікбай Өмірзақов және Мейрамбек Шермағанбет. Депутаттыққа үміткерлерді ұсыну 2 тамызда басталды. Облыстық сайлау комиссиясы ҚР «Сайлау туралы» Заңына сәйкес үміткерлерді тексеруден өткізді.
«Үгіт-насихат жұмыстарына мемлекеттік бюджеттен 400 мың теңге шамасында қаржы бөлінді. Оған қоса өздерінің қалауына қарай жеке сайлау қорын аша алады. Ал үгіт-насихат шаралары 12 қыркүйекте басталады», - дейді Қожамжар Наурызбаев.
Айта кетейік, Сенат депутаты мандаты алты жылға беріледі. Әр үш жыл сайын сенаторлардың тең жартысы қайта сайланады. Соңғы рет сайлау 2011 жылы өткен болатын.