ВИЦЕ-МИНИСТР ЕАЭО АЯСЫНДА БІРЫҢҒАЙ ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА ҚҰРУ ЖОСПАРДА ЖОҚ ЕКЕНІН АЙТТЫ
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифинг барысында Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов мәлім етті.
"Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ аясында бірыңғай және ұлттық валюта енгізу мүмкіндігін мүлде қарастырмау жөнінде нақты позиция ұстанады. Бұл сұрақты біз мүлде талқыламаймыз, себебі, бұл мәселе күн тәртібіне шығарылмайды. ЕАЭО аясында бірыңғай ұлттық валюта және валюта одағын құру жағдайы қарастырылмайды”, – деп атап өтті вице-министр.
Оның айтуынша, Қазақстан 2025 жылға дейін қаржы нарығын реттеу саласындағы заңнаманы үйлестіруді ғана жоспарлап отыр.
Бірақ, бұл қандай да бір валюталық одақ құру, болмаса, оны болашақта қолға алу дегенді білдірмейді.