РАШИД ТҮСІПБЕКОВ ҚР ЖОҒАРЫ СОТ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Рашид Төлеутайұлы Түсіпбеков Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды, деп хабарлады Ақорданың сайты.
Үкімет құрылымында жүргізілген реформаларға дейін Р.Түсіпбеков Қаржы полициясы агенттігін басқарды.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Бектас Бекназаров ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.
«Бектас Әбдіханұлы Бекназаров Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы қызметінен босатылды», - делінген хабарламада.