УКРАИНАДАҒЫ ҚАҚТЫҒЫСТЫ ТОҚТАТУ ЖАЙЛЫ КЕЛІСІМ ЖАСАЛДЫ
Минскіде кездескен Германия, Франция, Украина және Ресей басшылары Шығыс Украинада қақтығысты тоқтату туралы уағдаласты деп жазады Азаттық.
Ресей президенті Владимир Путин Беларусь астанасы Минскіде Украина, Германия және Франция басшыларымен өткен бірнеше сағатқа созылған келіссөзден соң Шығыс Украинадағы қақтығысты тоқтату туралы уағдаластық жасалғанын мәлімдеді.
"Норманд форматында" өткен кездесуден шыққан Путиннің айтуынша, қақтығысты тоқтату келісімі 15 ақпаннан бастап күшіне енеді. Келісім бойынша, қақтығыс аймағынан ауыр қару-жарақ әкетіледі.
Украина президенті Петр Порошенко қақтығыс аймағынан ауыр әскери техника мен қару-жарақты әкету бітім шарты күшіне енгеннен екі күннен соң басталатынын мәлімдеді.
Ол келісім бойынша Украина территориясынан барлық шетелдік әскер шығарылатынын, үш апта ішінде кепілге алынған тұтқындардың бәрі босатылатынын, украин шекарашылары 2015 жылдың соңына қарай Украина мен ресей шекарасына қайта бақылау орната бастайтынын айтты.
Украина президентінің сөзіне қарағанда, Ресей үстінен іс қозғап, қамауда ұстап отырған украиналық әскери ұшқыш Надежда Савченконы босату туралы да келісім жасалған.
Келіссөзден соң Франция президенті Франсуа Олланд төрт ел басшысы Украина дағдарысын реттеу туралы ғаламдық келісім жасағанын мәлімдеді.
Ол келісім "Украинаға үміт ұялатып, Еуропаны тыныштандыратынын" айтты. Төрт ел басшыларының келіссөзі 11 ақпан күні түнге қарай басталып, бүгін түс ауа бір-ақ аяқталған. Жиын ортасындағы үзілісте Порошенко келіссөз "ауыр жүріп жатқанын", Ресейдің қақтығысты реттеуге қатысты ұстанымы "көңілге қонбайтынын" мәлімдеген.
2014 жылы көктемде Ресей Қырымды аннексиялап алған соң Украинаның шығысында қарулы сепаратистер жиылып, Донецк және Луганск облыстарында әлі күнге дейін соғыс жүріп жатыр. Қақтығыс салдарынан қаза тапқандар саны 5 мыңнан асып кетті.
Украина дағдарысы кезінде Батыс пен Ресейдің арасы қырғи-қабақ соғыс кезеңінен бері бірінші рет қатты нашарлап тұр. Бұл оқиға Батыстың Ресейге әлденеше рет санциялар салуына, Ресейдің оған қарсы қарымта шара қолдануына ұласқан. 2014 жылы қыркүйекте Украина мен Ресей өкілдері Минскіде оқ атуды тоқтату туралы келісімге қол қойған.
Бірақ соңғы айларда жағдай ушыға түскен соң өткен аптада Германия мен Франция Ресей мен Украинаға жанжалды реттеу бойынша жаңа ұсыныс жасаған.
Новости Казахстан агенттігінің хабарлауынша, "Норманд форматы" көшбасшыларының Украинадағы дағдарысты реттеу жөніндегі құжатты келісулері киев билігінің ЛХР және ДХР-мен байланысудан бас тартуына байланысты ұзаққа созылды.
"Бұл өмірімдегі ең жақсы түн емес. Бірақ таң шуақты, өйткені келіссөздер үдерісінің қиындықтарына қарамастан, біз басты мәселе бойынша келісімге келе алдық ", - деді Путин журналистерге.
"Келісулер неге ұзаққа созылды? Меніңше, өкінішке орай, Киев билігі Донецк және Луганск халық республикаларының өкілдерімен тікелей байланысудан бас тартып жатқандықтарынан болар", - деп атап өтті Путин.