Тоқаев тұңғыш рет Қазақстан халқына жолдауын жариялайды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйекте Қазақстан халқына жолдауын жариялайды.
«2 қыркүйекке жоспарланған Халыққа Жолдауымда есірткі бизнесі, педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қарсы жасалатын басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жазалау шараларын қатаңдату жөнінде Парламентке және Үкіметке тапсырмалар жүктеледі», - деп жазды Президент twitter парақшасында.