Н.ЕРІМБЕТОВ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРМЕН ЖҰМЫСТЫ ӘКІМДЕРДІҢ РЕЙТІНГІНЕ ЕНГІЗУДІ ҰСЫНДЫ
Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс әкімдердің рейтінгіне енгізілуі мүмкін. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ президенті Нұрлан Ерімбетов осындай ұсыныс жасағанын айтты, деп хабарлайды BNews.kz.
«Мен үкіметтік емес ұйымдармен жұмысты әкімдердің рейтінгіне енгізуді ұсындым, ол қазірде қабылданды деуге болады. Олардың еңбегін өзгелермен қатар, үкіметтік емес ұйымдармен атқарған жұмысына қарап та бағалау керек. Көптеген үкіметтік емес ұйымдар 1,5-2 жыл бұрын оларды бизнеске теңеген соң жабылып қалды. Егер ұйым мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жеңіп алса, ол кредит алып, алдын-ала төлем жасауы және тағы басқалар қажет болды. Өңірлердегі, елді мекендердегі көптеген үкіметтік емес ұйымдар жабылды. Бірақ Үкімет пен қаржы министрлігі біздің жағдайымызды түсініп, бұл ережені алып тастады», - дейді Нұрлан Ерімбетов.