Қызылорда облысының әкімі Өзбекстанның бас консулымен өңіраралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысына жұмыс сапарымен Өзбекстанның Алматыдағы Бас консулы Аброр Фатхуллаев келді. Жұмыс сапары барысында ол өңірдің Ахуалдық орталығының жұмысымен танысты.
Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов дипломатиялық миссия басшысымен түрлі салалар бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
«Мен Қызылорда облысы үлкен экономикалық және көлік әлеуетіне ие, сауда-экономикалық қатынастарды дамыту үшін өте перспективалы аймақ екеніне көз жеткіздім. Бүгін біз облыс әкімімен өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, соның ішінде азаматтарымыздың екіжақты сапарлар санын арттыру мәселелерін талқыладық. Біз үлкен жоспарларды жүзеге асыруды көздеп отырмыз», - деп атап өтті Өзбекстан Республикасының Алматыдағы Бас консулы Аброр Фатхуллаев.
Сондай-ақ, консулдың облысқа жұмыс сапары аясында Өңірлік кәсіпкерлер палатасына бару және Достық үйінде өзбек этносы өкілдерімен кездесу жоспарланған.