Тоқаев Зеленскийді сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтады
![](https://oldkaz.kyzylorda-news.kz/uploads/posts/2019-04/1555933074_toaev-zelenskiyd-ttytady.jpg)
"Владимир Зеленскийге Президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтап, Украинаның игілігі жолындағы еңбегіне табыс тілеп, жеделхат жолдадым", - делінген Тоқаевтың Twitter-індегі парақшасында.
Бұған дейін сайлаудың соңғы нәтижесі бойынша Владимир Зеленский көш бастап тұрды, оған тұрғындардың 73,04%-ы дауыс берген. Ал сайлаушылардың 24,61%-ы Петр Порошенкоға жақтасқан.