Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапармен барды
Қазақстан Президенті Ташкент қаласына мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сапар аясында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен жеке және кеңейтілген құрамда кездесулер өткізіп, бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойылмақ. Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізу жоспарланған.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстандағы Қазақстан жылының салтанатты ашылу рәсіміне қатысады.