Мемлекет басшысы Ресейге ресми сапармен барады
Биылғы 3 сәуірде Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына ресми сапармен барады, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы сапарының бағдарламасындағы басты мәселе Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен өткізілетін келіссөздер болып табылады.
Қазақстан мен Ресей көшбасшылары кездесуінің күн тәртібі саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық саладағы, сондай-ақ өңірлік және халықаралық тақырыптағы өзекті мәселелерді қамтиды.
Сапар қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.