ХОРВАТИЯДА ПРЕЗИДЕНТТІККЕ АЛҒАШ РЕТ ӘЙЕЛ КІСІ САЙЛАНБАҚ
Хорватияның қазіргі президенті Иво Йосипович президент сайлауының екінші кезеңінде жеңіліс тапқанын мойындады. Республиканың алғашқы әйел-президенті СІМ-нің бұрынғы басшысы және «Хорватия демократиялық достастығы» жетекші оппозициялық партиясынан сайлауға түскен үміткер Колинда Грабар-Китарович болады, деп хабарлайды BBC.
«Жаңадан сайланған президент Колинда Грабар-Китаровичті жеңісімен құттықтауға рұқсат етіңіздер», - деді Йосипович.
97,7% бюллетень саналғаннан кейін Колинда Грабар-Китарович 50,54%, ал Иво Йосипович - 49,46% дауысқа ие болды.