Елбасы ресейлік телеарналарға сұхбат берді
Тілші сауалдарына орай, Нұрсұлтан Назарбаев күн тәртібіндегі негізгі халықаралық және өңірлік мәселелерге тоқталып, Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары туралы әңгімеледі.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы бірқатар жеке сұрақтарға жауап беріп, жаһандық тәртіптің одан әрі дамуының перспективаларына қатысты өз ойын ортаға салды.
Сұхбатты биылғы желтоқсан айының басында «Россия-1» және «Россия-24» телеарналары арқылы көрсету жоспарланған.