ЕЛБАСЫ РЕСЕЙ ЖӘНЕ ӨЗБЕКСТАН ПРЕЗИДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Нұрсұлтан Назарбаев Сарыағашта Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен және Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті.
Мемлекеттер басшылары бейресми кездесу барысында елдер арасындағы, соның ішінде сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар, басқосуда Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Өзбекстан Республикасының ТМД және басқа да халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ, тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі басты аспектілер жөнінде пікір алмасты.