ТҮРКИЯ БАСШЫСЫ ТАЙЫП ЕРДОҒАН «ЭКСПО-2017» ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨРМЕСІН ӨТКІЗУГЕ ҚОЛДАУ БІЛДІРЕТІНІН АЙТТЫ
28-29 желтоқсанда Қазақстан Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов Түркияда ресми сапармен болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан сыртқы саяси мекемесінің басшысы Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның қабылдауында болып, Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглумен кездесіп, Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы біріккен Стратегиялық жоспарлау тобының екінші отырысына қатысты.
Министр Ерлан Ыдырысовтың Президент Р.Ердоғанмен кездесуі барысында Түркия басшысының Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы Стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің екінші отырысына қатысуы үшін алдағы Қазақстанға сапары талқыланды.
Екі ел сыртқы істер министрлерінің кездесуі барысында кең ауқымды мәселелер бойынша екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың ахуалы мен болашағы қарастырылды.
Келіссөздер қатысушылары Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастық даму екпініне қанағат білдіріп, екіжақты және көпжақты форматтағы серіктестікті одан әрі нығайтуға екі жақтың бірдей ықыласын атап өтті. Астана мен Анкараның өңірлік және жаһанды саясаттағы рөлдерінің өсуі және мұсылман, түркі әлемінде беделдерінің артуы атап өтілді.
Сұхбат барысында Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» дүниежүзілік көрмесіне дайындық талқыланды. Түрік тарапы бұл халықаралық іс-шараны өткізуге барынша қолдайтынын білдірді.
Қазақстан мен Түркия СІМ басшылары өзара диалогты жалғастырып, екіжақты қатынастардың барша мәселелерін бауырластық пен стратегиялық серіктестік қағидаларының негізінде шешу ниеттерін білдірді.
СЖБТ екінші отырысының барысында тараптар екі ел арасындағы қарым-қатынастар күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша өзара пікір алмасты. Атап айтқанда, тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, әскери-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты, қауіпсіздік саласындағы ықпалдастықты дамыту мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, халықаралық саясаттың өзекті мәселелері бойынша ұстанымдар өзара салыстырылды.
СЖБТ отырысы өзара тиімді байланыстарды одан әрі дамыту мен тереңдетудің әлеуетін көрсетті.
Е.Ыдырысовтың, сонымен қатар, Түркия Әділет министрі Б.Боздагпен кездесуі өтті. Оның барысында құқық саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың мәселелері талқыланды.