ЕЛБАСЫ ИТАЛИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ СЕРДЖО МАТТАРЕЛЛАҒА КӨҢІЛ АЙТУ ЖЕДЕЛХАТЫН ЖОЛДАДЫ

«Қазақстан халқының және жеке өз атымнан ауыр қайғыға ортақтасып, қайтыс болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына, сондай-ақ бүкіл Италия халқына көңіл айтамын.
Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.