ҚР ПРЕЗИДЕНТІ УКРАИНАҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Украинаға аттанып кеттi. Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнiң баспасөз қызметшiсi Әсет Мұқажанов мәлiм еттi.
"Бүгін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Украинаға ресми сапармен ұшып кетті. Сапар аясында Қазақстан Президенті Украина басшылығымен келіссөз жүргізеді. 23 желтоқсанда Мәскеуде Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан президенттерінің қатысуымен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы өтеді", - деді ол.
Сонымен қатар, оның айтуынша, 25 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстанды жаңаша индустрияландыру: 2014 жылдың және бірінші бесжылдықтың қорытындылары» атты жалпыұлттық телекөпір шарасына және «Алтын сапа» сыйлығының лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсіміне қатысады деп жоспарланып отыр.
Ол сондай-ақ 2015 жылы 1 қаңтарда іске қосылатын ЕАЭО-ның қарсаңында Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения және Қырғызстан президенттерінің қатысуымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мемлекет басшылары деңгейіндегі отырысы болатынын хабарлады.