НАУРЫЗДА ТӘЖІКСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ҚАЗАҚСТАНҒА САПАРМЕН КЕЛЕДІ
Биыл наурызда Тәжікстан Президенті Қазақстанға сапармен келеді. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар өзара сенім мен қолдауға негізделген. Екіжақты ынтымақтастықты дамыту бойынша елеулі нәтижелерге қол жеткізілді. Қазақстан мен Тәжікстанның халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер жөніндегі ұстанымы сәйкес келеді. 2018 жылғы 14 наурызда Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның Қазақстанға жоспарланған сапары екіжақты әрекеттесуді, әріптестікті жандандырады. Осы орайда бұл сапар өзара байланыстарды үлкен қадам болмақ», - деп атап өтті Қайрат Әбдірахманов.