НЫҒМАТУЛИН ПАРЛАМЕНТ ПАЛАТАЛАРЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫН ШАҚЫРУ ТУРАЛЫ ӨКІМГЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ
5 наурыз күні сағат 12:00-де Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді. Бірлескен отырыс өткізу туралы өкімге Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин қол қойды, деп хабарлайды BNews.kz parlam.kz сайтына сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2018 жылғы 5 наурызда сағат 12-де Астана қаласында шақырылсын", - делінген ресми хабарламада.