МЕМЛЕКЕТ БАСШЫЛАРЫ АЛДАҒЫ КЕЗДЕСУЛЕР КЕСТЕСІН ҚАРАСТЫРДЫ
Нұрсұлтан Назарбаев пен Эмомали Рахмон екіжақты ынтымақтастықтың ахуалы мен перспективасын талқылады.
Мемлекет басшысы Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Эмомали Рахмон екіжақты ынтымақтастықтың ахуалы мен перспективасын, сондай-ақ күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық өзекті мәселелерді талқылады", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, екі ел басшысы алдағы кездесулер кестесін қарастырды.