БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ РФ ҮКІМЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ДМИТРИЙ РОГОЗИНМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының Орынбасары Дмитрий Рогозинмен кездесті.
Кездесу барысында ғарыш саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды, соның ішінде «Байқоңыр» кешені бойынша өтетін Қазақстан-Ресей Үкіметаралық комиссиясының алдағы отырысының күн тәртібі қаралды.
Анықтама: «Байқоңыр» кешені бойынша Қазақстан-Ресей Үкіметаралық комиссиясының 6-шы отырысы осы жылдың соңына дейін өткізіледі.