МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ
Ұлыстың ұлы күні қарсаңындағы шаралар бүгін «Наурыз шапағаты» атты қайрымдылық акциясы аясында өтті. Осыған орай облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен этномәдени бірлестіктер өкілдері №7 арнаулы түзету мектеп-интернатында болды. Мектеп-интернат оқытушылары мен тәрбиеленушілері қатысқан шараның мәнді өтуіне облыстық ассамблеяның мүшесі, меценат Венера Гафурова мен жастар қанатының белсенді мүшесі, жас кәсіпкер Виктория Шек атсалысты.
Мерекеге орай өткен қайырымдылық концертте «Славяне» қоғамдық мәдени-орталығы» қоғамдық бірлестігінің «Жемчужина» би тобы, татар этномәдени бірлестігінің өнерпазы Динара Серікқызы, облыстық ассамблея жанындағы жастар қанатының төрағасы Константин Луца, Достық үйінің «Djuli dance» би тобы өнерлерін ортаға салып, балаларға сыйлықтар мен тәттілер таратылды.
Өз кезегінде интернаттың ұжымы ынтымақ пен берекеге толы Наурызда жасап жатқан игілікті шаралары үшін облыстық ассамблея ұжымына алғысын білдірді.
Өз кезегінде интернаттың ұжымы ынтымақ пен берекеге толы Наурызда жасап жатқан игілікті шаралары үшін облыстық ассамблея ұжымына алғысын білдірді.