ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ АРТЫП ОТЫР - Е. ДОСАЕВ
Соңғы жылдары еуразиялық экономикалық интеграцияға қызығушылық артып отыр. Бүгін ҚР Парламент Сенатының жалпы отырысында «Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы» ҚР заң жобасын талқылау барысында Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев осылай мәлімдеді.
«Еуразиялық интеграциялық процестер көптеген елдердің қызығушылығын туғызуда. Қазіргі кезеңде Армения мен Қырғызстан интеграциялық ұйымға қосылудың белсенді сатысында. Үндістан, Вьетнам, Египет, Түркия, Иран сияқты елдер, Еуропалық еркін сауда қауымдастығының мемлекеттері, соның ішінде Исландия, Норвегия, Швейцария мен Лихтенштейн Кеден одағы елдерімен еркін сауда аймағын құруға мүдделіліктерін білдірді», - деді Ерболат Досаев.
Министрдің айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақ Қазақстан экономикасының толық көлемде дамуы үшін жаңа перспективалар ашады. «Еуразиялық интеграция Еуропа елдерін, Орталық және Оңтүстік Шығыс Азия мемлкеттерін қоса алғанда Еуразия өңірінің барлық елдерінің экономикалық кооперациясы үшін үлкен мүмкіндіктер ашатынына сенімдімін», - деді министр Досаев.