БРЮССЕЛЬДЕ ЕЛБАСЫ МЕН БЕЛЬГИЯ КОРОЛІНІҢ КЕЗДЕСУІ ӨТІП ЖАТЫР
Корольдік сарайда Бельгия королі Филипптің ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі өтіп жатыр.
Әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың саяси және мәдени-гуманитарлық саладағы негізгі аспектілері сөз болды. Тараптар сондай-ақ елдеріміздің арасында түрлі саладағы өзара іс-қимыл деңгейі өсіп келе жатқанына тоқтала отырып, ынтымақтастықты бұдан әрі дамыту үшін бірқатар перспективалы бағыттардың бар екенін атап өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен.
Бельгия королі Филипп 1960 жылы 15 сәуірде дүниеге келген. Ол - Альберт ІІ мен Паола патшайымның үлкен ұлы.
Филипп орта мектепті бітірген соң, 1981 жылы Корольдік әскери академияны тәмамдап, ұшқыш-сынақшы және десантшы мамандығын алды. Ол Үшінші десантшылар батальонының бөліміне жетекшілік етіп, Бельгия Әскери-теңіз флотының бірінші рангалы капитаны шенін алды. Осыдан кейін оқуына қайта оралды, Британияның Оксфорд университетінің Тринити колледжінде тәжірибеден өтіп, Стэнфорд университетінде білімін жалғастырды. 1988 жылы ханзада Филипп Стенфорд университетінің магистрі атағын алды.
1993 жылы әкесі Альберт ІІ таққа отырғаннан кейін, ол 33 жасында тақ мұрагері атанды. Сол жылы Бельгия үкіметінің шешімімен Филипп ханзада 1962 жылдан бері әкесі басқарып келген сыртқы сауда жөніндегі Бельгия бюросының құрметті президенті лауазымын иеленді.
1966 жылы Бельгияның тұрақты дамуы федералды кеңесінің төрағасы, ал 1997 жылы құрметті төрағасы болды. 2003 жылдан бері дамушы елдерге арналған бельгиялық инвестициялық компанияның құрметті төрағасы. 2004 жылдан бастап, ол Еуропалық Рим клубы бөлімшесінің және Халықаралық белдеу қорының құрметті төрағасы.
Филипп ханзада шет елдерде бельгиялық 85-ке жуық экономикалық миссияға (оның ішінде Қазақстан да бар) жетекшілік етті.
1999 жылы Филипп Матильда д'Удекем д'Акозбен некелесті. Олардың отбасында 4 бала бар.