ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ПАРТИЯ НАЗАРЫНДА
Қызылордада «Есіктен - есікке» акциясы аясында облыстық мәслихат депутаты, облыстық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі, «Теміржол» партия филиалының төрағасы Аманкелді Арысбаев №19 «Теміржол» сайлау округі тұрғындарымен кездесті.
«Нұр Отан» партиясы «Теміржол» филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Аманкелді Арысбаев алдымен Тәжібаев көшесі №13 үйдің тұрғыны Қосанова Ақнұрдың үйінде болды. 70 жастағы қарт ана Ақнұр Қосанова бүгінде жүрек талмасынан инсульт алып, бір қол бір аяғынан айырылған. 2010 жылы туылған Елубай Нұрқожа есімді немересі де 1,5 жасында сал ауруына шалдығып, бүгінге дейін аурудың зардабын шегуде. Халық қалаулысымен кездескен қарт ана партия тарапынан отбасына жасалып отырған қолдаудың зор екенін жеткізіп, тек алғысын білдірді.
«Бұл отбасы нұротандықтардың назарында. Бұған дейін де «Теміржол» партия филиалы тарапынан қолдау көрсетіліп, қарт ана мен оның немерісі Нұрқожаға сауықтыру орындарында ем алуға қолдау көрсеттік. Алдағы уақытта да мүмкіндігінше ем алуға жағдай жасаймыз» деді халық қалаулысы Аманкелді Арысбаев.
Онан соң облыстық мәслихат депутаты Сүлейменов көшесі №70 үй 83 пәтер тұрғыны Құлымбетова Софияның отбасында болды. 94 жастағы әжей төсек тартып калған. Қызы Зәуренің қарауында екен. Халық қалаулысымен кездескен Зәуре, бүгінде тұрақты жұмысын тастап, анасы мен 28 жасар мүгедек баласына қарап отырғанын айтты. Сонымен қатар баласы мен анасының мүгедектігіне төленетін қаржы дәрі-дәрмек пен азық-түлікке аздық ететінін жеткізіп, қаржылай көмек сұрады. Мәслихат депутаты Зәурені әлеуметтік жағынан қолдап, азық-түлікпен қамтамасыз етті.
Онан соң халық қалаулысы Аманкелді Арысбаев өз сайлаушыларымен тұрғын үй ауласында жүздесіп, олардың талап-тілектеріне құлақ салды. Тұрғындар көбіне үйге күрделі жөндеу, құбырлардың ескіруінен жоғары қабатқа ауыз судың көтерілмей отырғанын, аулаларды абаттандыру, оған жарық орнату, аулада бала ойнайтын ойын алаңын салу туралы өз ұсыныстарын ортаға салды.