«НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ ТИІМДІ ЖҰМСАЛУЫ ТИІС
Қызылорда облысында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Ұлттық қордан бөлінетін қаражаттың тиімді жұмсалуын бақылау мақсатында облыстық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясы жанынан құрылған «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын, сумен жабдықтау желілерін жаңғырту, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту» бағыты бойынша комиссияның отырысы өтті.
Комиссия отырысына облыстық партия филиалы басшылығы,Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшылығы, облыстық партия филиалының партиялық бақылау инспекторы, мердігер ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Жалпы, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында осы уақытқа дейін облыста 28 нысанның құрылысы жүргізілген. Бүгінгі күнге «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы аясында өңірде Ұлттық қор есебінен тұрғын үй алаңдарындағы инженерлік коммуналдық инфрақұрылым құрылысына барлығы 18 жобаға 9 605,6 млн. теңге қаржы бөлінген. 2016 жылдың қорытындысымен көрсетілген қаржылар толық игерілді. 18 жобаның құрылысы аяқталып, 563,8 шақырым инженерлік желілер пайдалануға берілген.
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Қызылорда қаласындағы жылу желілерін жаңғырту мақсатында 7 жобаға Ұлттық қордан 997 176 мың теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда жұмыстар өз деңгейінде жалғасуда»- деп атап өтті комиссия отырысы барысында облыстық партия филиалының партиялық бақылау инспекторы Ерғазы Қожақов.
Отырыста энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Мерей Мейірбеков «Нұрлы жол» бағдарламасының облысымызда іске асырылуына тоқталып, комиссия мүшелері тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
Өз кезегінде комиссия мүшелері Сексеуіл, Әйтеке би кентерінде инфрақұрылымды дамытуға байланысты жұмыстарға тендердің кеш өтуі, Қызылорда жылу электр орталығының жылу масуымына дайындығының өз деңгейінде еместігіне тоқталды. Сонымен бірге ескі, тозығы жеткен су, жылу құбырларының жаңартылуы халық үшін өтемаңызды. Сондықтан тұрғындарғатүсіндіру шараларын күшейтіп, тиісті жұмыстарды жылу маусымына дейін аяқтау керектігін атап өтті.
Отырысты қорытындылаған облыстық мәслихат депутаты, комиссия төрағасы Темірхан Әлімқұлов тиісті мемлекеттік органдар басшылары мен мердігер ұйым өкілдеріне «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша бөлінген қаржының уақытылы және сапалы игерілуімен, құрылыс сапасын қатаң бақылауға алу қажеттігін жеткізді.