СЕНАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ БЕКМЫРЗА ЕЛАМАНОВ ДАУЫСТЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІН ЖИНАДЫ
Бүгін ҚР Парламент Сенаты депутаттығына сайлау аясында Кызылорда облысы атынан көп дауыс жинаған кандидаттың есімі белгілі болды. Ол туралы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Қорғанбек Қайруллаев баяндады.
Қорқыт ата атындағы ҚМУ Студенттер сарайында облыстық мәслихат депутаттарының басым бөлігі өз дауыстарын Бекмырза Еламановқа берді. Атап айтқанда, дауыс беру үдерісіне таңдаушылардың 145-і қатысып, 2 депутат белгілі себептермен сайлауға қатыспады. Әшім Оразбекұлы дауыстардың 13-ін жинаса, екінші кандидат Серикбай Өмірзақовқа таңдаушылардың он екісі дауыс берді. Дауыс беру барысында ешқандай ескертулер түспеді. Сенат сайлауына жергілікті бақылаушылармен қатар халықаралық бақылаушылар тарапынан да зор көңіл бөлініп, ТМД елдерінің бақылаушы миссиасының үш өкілі қатысты.
Айта кетейік, бүгін Қазақстанның барлық аймағында ҚР Парламент Сенаты депуттарының сайлауы өтіп жатыр.
ҚР Парламент Сенаты 47 депутаттан, оның ішінде 32 сенатор таңдаушылардың бірлескен отырысында облыстың барлық мәслихаттарынан сайланған депутаттардың қатысуымен өтеді. Еліміздің 16 аймағынан (14 облыс және Алматы, Астана қалалары) 2 сенат депутаты сайланады. 15 сенаторды Мемлекет басшысы тағайындайды.