ҚАЗАҚСТАНДА СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫН САЙЛАЙДЫ
Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстанда сәрсенбіде 1 қазанда парламент сенаты (жоғарғы палата) депутаттарының сайлауында дауыс беру өтеді.
ҚР Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауына тіркелген 53 кандидаттың 14-і тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін, сайлау додасынан өз өтініштері бойынша шығып қалды. Осылайша, қазіргі уақытта 1 қазанда өтетін сайлауға барлығы 39 кандидат тіркеліп тұр.
Таңдаушылардың бірлескен отырысына облыстың барлық мәслихаттарынан өкіл болатын, сайланған депутаттар санының елу пайызынан астамы қатысса, ол заңды деп саналады. Дауыс беру заңды болуы үшін таңдаушылардың бірлескен отырыстарына таңдаушылардың елу пайызынан астамы дауыс беруге қатысулары тиіс. Дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың елу пайызынан астамының дауысын алған кандидат сайланған болып саналады. Ал егер дауыс берудің бірінші турына екіден астам кандидат қатысса және олардың бірде-бірі жеңіске қажетті дауыстар жинай алмаса, сол күні басқа кандидаттармен салыстырғанда ең көп дауыс жинаған екі кандидаттың арасында екінші тур өтеді. Екінші турда басқа кандидатқа қарағанда дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың дауыс көпшілігін алған кандидат жеңіске жетті деп есептеледі.