АЙЛАКЕР ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының криминалды-полиция бөлімшесі қызметкерлері және Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Қызылорда қалалық Пробация қызметі бөлімінің қызметкері әділет капитаны Д.Сайдильдиновпен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 1961 жылы туылған Атабаева Бану ұсталды. Алаяқ әйел қала тұрғындарына «кезектен тыс пәтер алып беремін» деп қомақты ақша алып, қайтармаған.
Қызылорда қалалық пробация қызметі бөлімінің бастығы әділет подполковнигі А.Тютебаевтің айтуынша, аталған оқиға бойынша Қызылорда ҚІІБ-нің тергеу бөлімімен азаматша Б.Атабаеваға қатысты ҚР ҚК-нің 190 бабы 2 бөлігімен қылымыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.