ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БҰРЫНҒЫ ӘКІМІНЕ ҚАТЫСТЫ ЕКІ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ
Бүгін Мемлекеттік істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев ұсталғанын растады, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.
«Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Әбдішевке қатысты ауыр салдарларға әкеліп соққан лауазымын асыра пайдалану фактісі бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Ол кеше қылмыстық іс қозғалғандығы туралы қаулымен танысты және 132 бапқа сәйкес, күдікті ретінде ұсталды»,-деді агенттік төрағасы.
Қайрат Қожамжаровтың айтуынша, агенттік 78 сағат ішінде күдіктіге нақты айып тағуы керек.